- Басты бет
- Жаңалықтар
- Самарқанд медицина университетінің делегациясы ҚазҰУ-де тәжірибе алмасып, кампуспен танысты
Самарқанд медицина университетінің делегациясы ҚазҰУ-де тәжірибе алмасып, кампуспен танысты
2026 жылғы 20 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінде бұған дейін ынтымақтастық туралы меморандум жасалған Самарқанд медицина университетінің делегациясымен кездесу өтті.
.jpeg)
Делегация құрамында профессор-оқытушылар құрамы және жоғары курс студенттері болды. Кездесу барысында заманауи медицинаның өзекті мәселелері талқыланып, кәсіби тәжірибе алмасу және белсенді пікірталас жүргізілді. Тараптар академиялық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми байланыстарды кеңейту және бірлескен білім беру мен зерттеу жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

.jpeg)
Қонақтар үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Делегация суперкомпьютер орталығын, Farabi Hub-ты, робототехника зертханаларын, Ми институтын, Дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу орталығын, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын, сондай-ақ әл-Фараби кітапханасын аралады.