ҚазҰУ-да халықаралық ғылыми коллаборация мен дипломатия мәселелері талқыланды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-да халықаралық ғылыми коллаборация мен дипломатия мәселелері талқыланды

22 сәуір 2026
ҚазҰУ-да халықаралық ғылыми коллаборация мен дипломатия мәселелері талқыланды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде университет базасындағы «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының» директоры Қайрат Хуатұлы Әбусейітов пен Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағыбай Дынкенұлы Смағұловтың қатысуымен мазмұнды кездесу өтті. Шара барысында қонақтар жаңадан құрылған институттың қызметі мен негізгі міндеттеріне тоқталып, университеттің ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету және шетелдік авторлармен тиімді серіктестік орнату мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, спикерлер өздерінің бай дипломатиялық тәжірибелерімен бөлісіп, отандық ғалымдар мен жас зерттеушілер үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерді атап өтті және қатысушылардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.