ҚазҰУ биотехнология кафедрасында Ашық есік күні өтті
2026 жылғы 22 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасында мектеп түлектеріне арналған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара талапкерлерге кәсіби бағдар беру және кафедраның білім беру және ғылыми мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында қатысушылар биотехнология бағытындағы білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі және болашақ мансап мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.
Оқушылар кафедраның оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларын аралап, микробиология, молекулалық биология және биотехнология салаларындағы заманауи зерттеулермен танысты.
Іс-шара барысында қонақтар кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесіп, оқуға түсу, оқу үдерісі және ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауап алды.
Ашық есік күні талапкерлер үшін маңызды тәжірибелік алаңға айналып, олардың биотехнология саласында білім алып, болашақ кәсіби жолын таңдауға мүмкіндік берді.




Басқа жаңалықтар