- Басты бет
- Жаңалықтар
- ылыми семинар-лекция «Фототрофты микроорганизмдердің перспективалы дақылдарын қолданудың негізгі бағыттары және биологиялық белсенді заттарды алу»
ылыми семинар-лекция «Фототрофты микроорганизмдердің перспективалы дақылдарын қолданудың негізгі бағыттары және биологиялық белсенді заттарды алу»
2026 жылғы 17 сәуір күні сағат 12:00-де, 524 аудиторияда биотехнология кафедрасының оқытушылары — Акмуханова Н.Р., Кирбаева Д.К., Садвакасова А.К., Сарсекеева Ф.К. — «06В05103 – Биотехнология» мамандығының 2 курс студенттерімен ғылыми семинар өткізді.
Семинар тақырыбы:«Фототрофты микроорганизмдердің перспективалы дақылдарын қолданудың негізгі бағыттары және биологиялық белсенді заттарды алу».
Іс-шара биология және биотехнология факультетінің ЦУР 3 «ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТ» жол картасы жоспарына сәйкес өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: инфекциялық ауру қоздырғыштарының антибиотиктерге төзімділігін зерттеу, сондай-ақ фототрофты микроорганизмдерді (микробалдырлар мен цианобактериялар) антимикробтық қасиеті бар жаңа биологиялық белсенді қосылыстардың көзі ретінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру.
Кіріспе сөзінде Акмуханова Н.Р. антибиотиктерге төзімділіктің қазіргі жаһандық үрдістерін, денсаулық сақтау жүйесіне төнетін қауіптерді, сондай-ақ фототрофты микроорганизмдердің табиғи антимикробтық заттарды алудағы әлеуетін атап өтті.
Іс-шара барысында студенттер келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдады:
ü Патогенді микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің артуы және оның жаһандық салдары;
ü Фототрофты микроорганизмдердің антибактериалдық, вирусқа қарсы және антиоксиданттық қосылыстардың көзі ретіндегі рөлі;
ü Микробалдырлар мен цианобактерияларда биологиялық белсенді заттардың синтез механизмдері;
ü Табиғи қосылыстарды фармацевтика мен медицинада қолдану перспективалары;
ü Жаңа антимикробтық препараттарды іздеудің заманауи биотехнологиялық тәсілдері.
Баяндамалардан кейін белсенді пікірталас өтті. Студенттер жаһандық антибиотиктерге төзімділік мәселесін, табиғи альтернативті антибактериалдық құралдарды әзірлеу қажеттілігін және биотехнологияның тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз етудегі рөлін талқылады.
Іс-шара студенттердің заманауи медициналық және биотехнологиялық мәселелер бойынша білімін кеңейтуге, антибиотиктерге төзімділіктің жаһандық қауіпі туралы түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми талдау, сыни ойлау және биотехнологиялық шешімдерді қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар