- Басты бет
- Психологиялық қолдау
- ТДМ – 16: Narxoz University-де “PsychoExpress” форматындағы психологиялық қолдау іс-шарасы
ТДМ – 16: Narxoz University-де “PsychoExpress” форматындағы психологиялық қолдау іс-шарасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психологиялық қызметінің мамандары Narxoz University-де өткен “PsychoExpress” форматындағы іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында студенттер қысқа мерзімді жеке кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, эмоционалдық жағдай, күйзеліс, тұлғааралық қарым-қатынастар және оқу жүктемесіне қатысты мәселелерді талқылады. “PsychoExpress” форматы ашық әрі қауіпсіз диалог орнатуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар студенттердің өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, мазасыздық деңгейін төмендетуге және академиялық ортада психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Өткізілген іс-шара студенттер арасында психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін нығайтуға және қолдаушы, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар