ТДМ 16: КРМУ-да «Мәдениеттер арасында: шетелдік студенттерге психологиялық қолдау» тақырыбындағы конференция — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 16: КРМУ-да «Мәдениеттер арасында: шетелдік студенттерге психологиялық қолдау» тақырыбындағы конференция

30 сәуір 2026
ТДМ 16: КРМУ-да «Мәдениеттер арасында: шетелдік студенттерге психологиялық қолдау» тақырыбындағы конференция

30 сәуірде Қазақстан-Ресей медицина университеті ұйымдастырған «Мәдениеттер арасында: шетелдік студенттерге психологиялық қолдау» тақырыбындағы конференция өтті.

Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психологиялық қызметінің мамандары қатысты. Конференция жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамытуға және білім беру ортасындағы шетелдік студенттерге психологиялық көмек көрсету тәжірибесімен алмасуға бағытталды.

Конференция барысында шетелдік студенттердің мәдени бейімделуі, психоэмоционалдық жағдайының ерекшеліктері, сондай-ақ көпмәдениетті ортада тиімді психологиялық қолдау көрсету тәсілдері талқыланды.

Іс-шараға қатысу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жоғары оқу орындары арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға және болашақ ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.