ТДМ – 4: Студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға арналған психологиялық тренинг — ҚазҰУ

91ý

ТДМ – 4: Студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға арналған психологиялық тренинг

22 сәуір 2026
ТДМ – 4: Студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға арналған психологиялық тренинг

Университеттің филология және шығыстану факультетінде студенттерге арналған психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара оқу үдерісіне бейімделу кезеңінде эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға және жаңа білім беру ортасына бейімделуді жеңілдетуге бағытталды.

Тренинг барысында бірінші курс студенттерінің эмоционалдық жағдайының ерекшеліктері талқыланды. Жаңа ортаға бейімделу кезінде туындайтын күйзеліс деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар қарастырылды. Олардың қатарында оқу жүктемесі, әлеуметтік ортаға бейімделу, жаңа қарым-қатынастар орнату және өмір ырғағының өзгеруі атап өтілді. Сондай-ақ қиын эмоционалдық жағдайларда тиімді әрекет ету тәсілдері талқыланды.

Қатысушылар әлеуметтік қолдаудың маңызын, ашық әрі қауіпсіз қарым-қатынас дағдыларын және өз эмоциялық жағдайына саналы көзқарас қалыптастырудың рөлін қарастырды. Сонымен қатар, өзін-өзі түсіну және ішкі күйін байқай білу дағдыларының оқу процесіндегі маңызы ерекше аталып өтті.

Практикалық бөлімде интерактивті жаттығулар орындалып, студенттердің өзін-өзі қолдау, эмоционалдық кернеуді басқару, ішкі тұрақтылықты сақтау және психологиялық төзімділікті арттыру дағдыларын дамытуға бағытталды. Қатысушылар белсенді түрде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өткізілген тренинг студенттердің бейімделу ресурстарын нығайтуға, эмоционалдық сауаттылығын арттыруға және қолдаушы, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етті.