Жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу: халықаралық тәжірибе
Халықаралық құқық кафедрасының (PhD, қауымдастырылған профессор К.Ж. Алтаева, ассистент-профессор З.М. Баймагамбетова, доцент м.а. Д.У. Байтукаева) ұйымдастыруымен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы Ташкент мемлекеттік заң университеті профессоры, з.ғ.д. Муаттар Рахимованың шеберлік сабағы өтті.
Қонақ дәрісінде түрлі елдердің тиімді тәсілдері талқыланды. Дәріс барысында жастармен жұмыс істеудің заманауи әдістері, алдын алу шаралары және құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары кеңінен сөз болды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, құқықбұзушылықтың алдын алу – тек жазалау емес, ең алдымен түсіндіру, қолдау және дұрыс бағыт беру. Осындай маңызды кездесулер жастардың саналы азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.


Басқа жаңалықтар