«Жұлдыз» журналында кафедра оқытушысымен сұхбат жарияланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Студенттік ғылыми қоғамы белсенділері айтулы жаңалықпен бөлісті. «Жұлдыз» журналының кезекті нөмірінде 12-сәуір ылым қызметкерлері күніне орай Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы, жақында ғылыми дәрежесін сәтті қорғаған жас ғалым Маржан Нұрланқызымен болған «Ұшар қанатқа – дүние кең...» атты сұхбат жарық көрді. СҒҚ төрайымы Диана Ерлан жүргізген бұл сұхбаттың негізгі идеясы ғылым жолындағы табандылық, академиялық адалдық және заманауи зерттеушінің моральдық жауапкершілігі төңірегінде өрбиді.

Материалда докторантура кезеңіндегі қиындықтарды еңсеру, іргелі ғылым мен практикалық нәтижені ұштастыру және отандық метеорология мен гидрологияның болашақ көкжиегіне талдау жасалады. Студенттердің зерттеуші тұлғасына деген шынайы қызығушылығынан туған бұл сұхбат ізденімпаз жастар үшін нағыз мотивация деуғе болады. Бұл мақала ғылымға бет бұрған әрбір білім алушыны табандылыққа үндеп, университет қабырғасында қалыптасқан ғылыми мектептің сабақтастығын айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, Маржан Нұрланқызы докторантура кезеңіндегі ізденістері мен кездескен кедергілерді қалай жеңгені туралы сыр шертіп, ғылыми сәтсіздіктерді «қателік» емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құнды тәжірибе ретінде қабылдау қажеттігін атап өтеді.
Сұхбат соңында ғылымға енді қадам басқан жас зерттеушілер мен студенттерге арналған кәсіби кеңестер беріліп, мәліметтермен жұмыс істеу мәдениеті мен сыни ойлаудың маңызына ерекше назар аударылған. ылым мен тәжірибені ұштастырған бұл мазмұнды әңгіме әрбір талапты студентті жаңа белестерді бағындыруға жігерлендірері сөзсіз. Сондықтан бұл сұхбат факультетіміздің жас зерттеушілері үшін кәсіби бағдар мен рухани азық боларлық маңызды еңбек ретінде ұсынылады.
Басқа жаңалықтар