RES-2026 панельдік сессиясы: Орталық Азиядағы ерте ескерту жүйелерін дамыту — ҚазҰУ

91ý

RES-2026 панельдік сессиясы: Орталық Азиядағы ерте ескерту жүйелерін дамыту

23 сәуір 2026
RES-2026 панельдік сессиясы: Орталық Азиядағы ерте ескерту жүйелерін дамыту

2026 жылғы 23 сәуірде география және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушылары Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммит (RES-2026) аясындағы панельдік сессияға қатысты.

«Орталық Азиядағы ерте ескерту жүйесі: өңірлік ынтымақтастықтан тұрақты болашаққа» тақырыбындағы панельдік сессия Орталық Азия елдерінің ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметтері тарапынан Всемирная метеорологическая организация (ВМО) серіктестерімен бірлесіп, «Барлығына арналған ерте ескерту» (EW4All) жаһандық бастамасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Сессияның ашылуында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Всемирная метеорологическая организация, Межправительственная группа экспертов по изменению климата, сондай-ақ климаттық тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық жобалардың өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Панельдік сессия барысында Орталық Азия елдеріндегі ерте ескерту жүйелерін дамыту және жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері басшыларының баяндамалары ұсынылып, онда қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды мониторингтеу мен болжау жүйелерінің қазіргі жағдайы, негізгі сын-қатерлері мен даму перспективалары қарастырылды.

Сессияның маңызды нәтижелерінің бірі Орталық Азия елдерінің ұлттық метеорологиялық қызметтері басшыларының бірлескен мәлімдемеге қол қоюы болды. Аталған құжат өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және апаттар қаупін азайту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу бағытындағы күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

 

Сонымен қатар, сессия аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылып, Еуропа және Азия елдерінің ұйымдары мен қызметтері арасындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды. Баяндамалар заманауи технологиялар мен ғылыми тәсілдерді тиімді ерте ескерту жүйелерін дамытуға енгізудің маңыздылығын көрсетті.

Факультет оқытушылары панельдік сессия жұмысына белсенді қатысып, гидрометеорология, климаттық тәуекелдерді басқару және табиғи апаттардың салдарын азайту салаларындағы кәсіби білімдерін тереңдетті. Мұндай халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шараларға қатысу ғылыми әлеуетті арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім беру мен ғылыми-зерттеу үдерістеріне заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.