Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ашық есік күні өтеді
23 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультеті 2026 жылғы 29 сәуір күні сағат 10:00-де Ашық есік күнін өткізеді. Іс-шара мектептің 9–11 сынып оқушыларына, талапкерлерге және олардың ата-аналарына арналған.
Ашық есік күні аясында қатысушылар факультеттегі білім беру бағдарламаларымен танысып, оқу процесі туралы нақты ақпарат алады. Сонымен қатар студенттік өмірдің ерекшеліктері, ғылыми бағыттар, гранттар мен академиялық мүмкіндіктер туралы мәлімет беріледі.
Бұл шара талапкерлерге мамандық таңдауда нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
15 шілде 2026