«Ұлттар достығы – болашақтың кепілі»
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай
Тақырыбы: «Ұлттар достығы – болашақтың кепілі»
Өткізілген күні: 22 сәуір 2026 жыл сағат 14:00
Өткізілген орны: Биология және биотехнология факультеті, 214 кабинет
Ұйымдастырушылар: Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доцент м.а. Кенжеева Ж.К. және 6В05104-Биология мамандығының 1-курс студенттері
Қатысушылар: факультет деканы Нармуратова М.Х., әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасарыБасыгараев Ж.М., студенттер, оқытушылар.
Іс-шараның мақсаты:
Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын насихаттау, студенттердің патриоттық сезімін арттыру, көпұлтты мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысы:
Факультет деңгейінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шара барысында студенттер әртүрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдер көрсетілімі мен концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өлеңдер оқылып, әндер орындалып, домбырада «Балбырауын» күйі тартылды. Қазақ биі және түркмен ұлтының биі орындалды. Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлер көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Қорытынды:
Аталған іс-шара студенттердің бірлік, достық және өзара сыйластық құндылықтарын терең түсінуіне ықпал етті. Қатысушылар мерекелік көңіл-күйде болып, іс-шара жоғары деңгейде өтті.



Басқа жаңалықтар