«Қаржылық қауіпсіздік: Инвестиция ма, әлде алаяқтық па?» зияткерлік ойыны — ҚазҰУ

91ý

«Қаржылық қауіпсіздік: Инвестиция ма, әлде алаяқтық па?» зияткерлік ойыны

22 сәуір 2026
«Қаржылық қауіпсіздік: Инвестиция ма, әлде алаяқтық па?» зияткерлік ойыны

2026 жылдың 22 сәуір күні Филология факультетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «Қаржылық қауіпсіздік: Инвестиция ма, әлде алаяқтық па?» атты зияткерлік ойын өтті. Шараның негізгі мақсаты — студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, инвестиция мен алаяқтықты ажырата білу дағдыларын қалыптастыру және ТДМ 8: «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыты аясында саналы қаржылық шешім қабылдауға бағыт беру.

Іс-шара барысында 1-курс студенттері әртүрлі тапсырмалар мен ситуациялық сұрақтар арқылы өз білімдерін сынады. Қатысушылар қаржы нарығы, инвестиция түрлері, интернет-алаяқтық белгілері және жеке қаржыны басқару тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.

Ойын кезеңдері логикалық сұрақтар, кейс-талдау және пікірталас форматында ұйымдастырылып, студенттердің сыни ойлау қабілеті мен талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті. 

Зияткерлік ойын аясында жастардың қаржылық қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру, алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдарын түсіндіру және болашақта дұрыс инвестициялық шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді. Бұл бастама студенттердің заманауи экономикалық ортада дұрыс бағдар алуына және өз қаржысын тиімді басқаруына ықпал етті.

Ұйымдастырушылар: «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенттері және түркітану және тіл теориясы кафедрасы оқытушысы Ақжигитова А.Қ.