Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР ылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Study in Kazakhstan» республикалық білім беру көрмесі өтуде. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – болашақ талапкерлерді еліміздегі жоғары білім берудің басымдықтарымен және өзекті білім беру бағдарламаларымен жан-жақты таныстыру. Аталған іс-шараға Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы «6В05401-Актуарлық математика» және «6В05404-Есептеу ғылымдары және статистика» білім беру бағдарламалары бойынша белсенді түрде қатысты.
🌎Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР) тығыз байланысты:
ЦУР 4 – сапалы білім беру арқылы студенттердің мәдени-танымдық деңгейін арттыру
ЦУР 11 – тұрақты қалалар мен қауымдастықтарды дамыту, ұлттық мәдени мұраны сақтау және насихаттау
ЦУР 17 – серіктестік арқылы факультеттер мен студенттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
ЕҒжС кафедрасы
Басқа жаңалықтар