Тән саулығы-жан саулығы: әлеуметтік желілердің денсаулыққа зияны — ҚазҰУ

91ý

Тән саулығы-жан саулығы: әлеуметтік желілердің денсаулыққа зияны

22 сәуір 2026
Тән саулығы-жан саулығы: әлеуметтік желілердің денсаулыққа зияны

Біз студенттермен бірге қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — әлеуметтік желілердің адам денсаулығына тигізетін ықпалын талқыладық. Қазіргі уақытта технология дамып, интернет пен әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Күнделікті өмірімізді Instagram, TikTok, WhatsApp сияқты платформаларсыз елестету қиын. Дегенмен, көп жағдайда біз дене мен психикалық саулықтың өзара тығыз байланысты екенін ескере бермейміз.

Әлеуметтік желілерді шамадан тыс қолдану тек физикалық денсаулыққа зиян тигізіп қоймай, адамның психологиялық күйіне де елеулі әсер етеді. Әсіресе жастар күні - түні әлеуметтік желілерде шамадан тыс көп отыратындықтан, бұл тақырыпқа терең мән беру қажет. Осыған байланысты біз әлеуметтік желілердің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, олардың психологиялық әсерін талдауды, денсаулыққа келтіретін зиянын көрсетуді және уақытты тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыруды мақсат еттік.

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

 «6B05102 Биология» мамандығы

ББ 23-12 тобы

Куратор-эдвайзер: Айсабаева А.Е.