«Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі» — ҚазҰУ

91ý

«Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі»

14 сәуір 2026
«Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі»

«Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі» атты ашық кураторлық сабақ өтті Университетте «Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған кураторлар: Қанапиева Ф. және Супиева Ж.А. Сабаққа «Мұнайхимия және химмотология» мамандығының 2-курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, атап айтқанда, №4 – Сапалы білім беру, №11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер, №12 – Жауапты тұтыну және өндіріс, №13 – Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл мәселелері қамтылды. Студенттерге тақырып бойынша мазмұнды презентация ұсынылып, ақпарат көрнекі түрде түсіндірілді.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Супиева Ж.А.