Эко-марафон: әр апта – бір игі қадам!
23 сәуір 2026
2026 жылдың 23 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен ерекше форматтағы Эко-марафон бастау алды.
Бұл бастама аясында әр аптада бір экологиялық тапсырма ұсынылады:
– қағазсыз күн
– қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру
– табиғатты қорғауға бағытталған өзге де пайдалы әдеттер
Эко-марафонның басты мақсаты – студенттер мен оқытушылар арасында экологиялық сананы арттыру, күнделікті өмірде табиғатқа жанашырлықпен қарауды қалыптастыру.
Әрбір кішкентай қадам – үлкен өзгеріске бастайды. Бүгіннен бастап табиғатты бірге қорғайық, өйткені жасыл кампус – жарқын болашақтың кепілі.
Табиғатқа қамқорлық – өзімізге қамқорлық!
Басқа жаңалықтар
15 шілде 2026