Кафедрамыз үшін үлкен мақтаныш! — ҚазҰУ

91ý

Кафедрамыз үшін үлкен мақтаныш!

24 сәуір 2026
Кафедрамыз үшін үлкен мақтаныш!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының оқытушысы, әріптесіміз Тапеева Самал Қонысбекқызы 20 жылдан астам студенттермен жемісті еңбек етіп, «Құрмет иесі» медалімен және Құрмет қағазымен марапатталды.

Бұл – ұзақ жылдардағы табанды еңбектің, білім мен ғылымға қосқан зор үлестің нәтижесі. Самал Қонысбекқызының шәкірттері әрдайым жоғары жетістіктерге жетіп келеді 

Бұл жетістік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР) тығыз байланысты:
ЦУР 4 – сапалы білім беру арқылы білікті мамандар даярлау;
ЦУР 8 – лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қолдау, кәсіби дамуға үлес қосу;
ЦУР 17 – әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту арқылы ортақ жетістіктерге жету.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа белестер тілейміз!

ЕҒжС кафедрасы