ДАРЫНДЫ ЖАСТАР АЛАҢЫ: ҚАЗҰУ-ДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА — ҚазҰУ

91ý

ДАРЫНДЫ ЖАСТАР АЛАҢЫ: ҚАЗҰУ-ДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

24 сәуір 2026
ДАРЫНДЫ ЖАСТАР АЛАҢЫ: ҚАЗҰУ-ДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

2026 жылғы 24 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада  жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – шығыстану саласында білім алып жатқан студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыру, ғылыми-шығармашылық әлеуетін дамыту, дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту болды. Білім мен бәсекеге негізделген бұл алаң студенттерге өз білімдерін саралап, кәсіби бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Салтанатты ашылу барысында факультет деканы М.Ш. Эгамбердиев қатысушыларға сәттілік тілеп, олимпиаданың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай зияткерлік сайыстар – жастардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жол ашатын маңызды қадам.

Шығыстану факультеті Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасында «Türkçeden Tarihe: Türkiye’nin Kültürel Yolculuğu»Түрік тілінен тарихқа: Түркияның мәдени саяхаты») Тқрік тілі секциясы жүзеге асырылды.

Биылғы олимпиадаға «6В02207 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 3-4 курс студенттері қатысып, сайыс офлайн форматта өтті. Қатысушылар түрік, корей және жапон тілдері бағыттары бойынша білімдерін көрсетіп, әртүрлі тапсырмалар арқылы өз деңгейлерін дәлелдеді.

Әділ бағалауды қамтамасыз ету мақсатында тәжірибелі мамандардан құралған комиссия жұмыс жасады. Комиссия құрамында Түркия консулдығының білім атташесі Шүкір Косе, PhD, доцент міндетін атқарушы А. Халел, PhD профессор Саваш Шахин және PhD, аға оқытушы Е. Қуанышбаев болды. Халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуы олимпиаданың мәртебесін арттыра түсті.

Осы секция бойынша студенттерді олимпиадаға дайындау жұмыстарын Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушылары Ж.М. Сулейменова, профессор м.а. Э. Дулаева, аға оқытушы К.Б. Жанатаева, аға оқытушы Ж. Абелдаев және аға оқытушы А.Т. Кыркымбекова жүзеге асырды.

Қатысушылардың жұмыстары жан-жақты сараланып, үздік нәтиже көрсеткен студенттер анықталды. Бірінші орынды 4 курс студенті Салимбай Әсел Нұржанқызы иеленді. Екінші орын Бақтыбаева Нұршат Жамбылқызы (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) мен Хайролла Данаға бұйырса, үшінші орын Жабықбай Ақнұр Нұрбайқызы (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті), Құбайт Аружан және Қыдырбай Ұлжан Мұсақызына марапатты дипломдар берілді.

Аталмыш олимпиада болашақ шығыстанушылардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың академиялық әлеуетін нығайтатын маңызды зияткерлік алаңға айналды. Университет қабырғасында өткен бұл іс-шара білім беру сапасын арттыруға және халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған жүйелі әрі мақсатты жұмыстың айқын көрінісі.

Абельдаев Ж.

Кыркымбекова А.