ҚР Президенті жанындағы МБА-да жаңа Конституция туралы дәріс өтті — ҚазҰУ

91ý

ҚР Президенті жанындағы МБА-да жаңа Конституция туралы дәріс өтті

23 сәуір 2026
ҚР Президенті жанындағы МБА-да жаңа Конституция туралы дәріс өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында (Алматы филиалы) заң ғылымдарының докторы, профессор А.С. Ибраеваның қатысуымен Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерімен мазмұнды және өзекті кездесу өтті. 

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, сондай-ақ қазіргі жағдайда құқықтық мемлекетті дамытудың негізгі бағыттарын талқылау болды.

Кездесу аясында маңызды мәселелер егжей-тегжейлі қаралды: 
Ұлттық идеологиядағы құқық пен тәртіп — қоғам мен мемлекеттің орнықты дамуының іргетасы ретінде.
Құқықтық тәртіпке байланысты ұлттық идеологияның тарихи-мәдени негіздері - құқықтық сананы қалыптастырудың құндылық негізі ретінде.

Кездесуге қатысушылар конституциялық реформалардың практикалық маңыздылығын, олардың мемлекеттік басқару жүйесіне әсерін және мемлекеттік қызметшілердің заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлін белсенді талқылады.

Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті арттыруға, мемлекеттік қызмет институтын нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің заңдылық пен қоғамға қызмет ету қағидаттарына бағдарланған жауапты, кәсіби корпусын қалыптастыруға ықпал етеді.