«Құқық және мен: өз құқығымды білу - өзімді қорғау» (ашық сабақ)Farabi University

91ý

«Құқық және мен: өз құқығымды білу - өзімді қорғау» (ашық сабақ)

22 сәуір 2026
«Құқық және мен: өз құқығымды білу - өзімді қорғау» (ашық сабақ)

 

Орындаған: Жалдыбай Нұртөре Жаңбырбайұлы
Жетекші-оқытушы: Назарбаев Даурен Әділханұлы

«Құқық және мен: өз құқығымды білу — өзімді қорғау» тақырыбындағы ашық сабақ студенттердің құқықтық сауатын арттыру мақсатында өткізілді. Ашық сабақтың негізгі мақсаты — студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасы, Конституция баптары және БҰҰ Балалар құқықтары туралы Конвенция бойынша өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын таныстыру болды.

Ашық сабақ барысында студенттер заң деген не, азамат болу нені білдіреді, өзін-өзі қорғаудың заңды жолдары қандай деген сауалдарға жауап іздеді. Бұл сабақтың өзектілігі — бүгінгі таңда жастардың арасында кибербуллинг, мектептегі зорлық-зомбылық, дискриминация сияқты мәселелердің жиілеуіне байланысты студенттерді осындай жағдайларда дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету болып табылады.

 

«Оқытушы құқық, заң, азамат ұғымдарын түсіндіріп, Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын қысқаша баяндады. Студенттер топпен жұмыс жасады — «заң», «еркіндік», «жауапкершілік» ұғымдарын анықтауға тырысты.

БҰҰ Балалар құқықтары туралы Конвенцияның (1989) негізгі баптары талқыланды: білім алу, денсаулық сақтау, отбасылық өмір, зорлық-зомбылықтан қорғалу, демалу мен ойын ойнау, пікірін еркін білдіру құқықтары. Студенттер интерактивті тапсырма орындады — 8 негізгі құқықты суреттер арқылы анықтады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына тоқталдық: Конституцияның 12, 14, 27, 30-баптары; «Балалардың құқықтары туралы» Заң (2002); «Білім туралы» Заң (2007) талданды. Студенттер осы баптардың нақты өмірде қалай қолданылатынын мысалдар арқылы түсінді.

Практикалық жағдаяттар талданды. Үш нақты жағдай (мұғалімнің кемсітуі, мектептегі буллинг, интернеттегі кибербуллинг) ролдік ойын форматында қарастырылды. Студенттер «мен не істер едім?» деген сауалға жауап беріп, дұрыс іс-әрекет жолдарын бірге анықтады.

«Өзімді қалай қорғаймын?» тақырыбы бойынша 4 қадамдық жоспар ұсынылды: білу, айту, жазу, хабарлау. Маңызды телефон нөмірлері (102 — Полиция, 103 — Жедел жәрдем, 150 — Балалар сенім желісі, 111 — Әлеуметтік қызметтер) таныстырылды.

Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Студенттер белсенді қатысып, ойларын еркін білдірді. Ашық сабақ студенттердің құқықтық сауатын арттыруға, өздерін қорғай білуге және басқаларының құқықтарын сыйлауға ынталандырды. Бұл сабақ азаматтық тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болды.