Денсаулық пен бірліктің таулы бағытында студенттермен табиғат аясында іс-шара өтті.Farabi University

91ý

Денсаулық пен бірліктің таулы бағытында студенттермен табиғат аясында іс-шара өтті.

25 сәуір 2026
Денсаулық пен бірліктің таулы бағытында студенттермен табиғат аясында іс-шара өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ілгерілету аясында «Денсаулық және әл-ауқат» (ТДМ 3) бағыты бойынша География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары мен студенттерімен кезекті танымдық шара өтті. Кафедраның аға кураторы Есболған Б. және кафедра оқытушылары Құрбанқожа Н., Семендерова Г. қатысуымен табиғат аясында, таулы аймақта ұйымдастырылған бұл жиын жастардың физикалық белсенділігін арттыруды және экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздеді.

Таулы серуен тек салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, сонымен қатар студенттердің өзара ынтымақтастығын арттырып, оқу орны мен шәкірттер арасындағы сенімді байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. Табиғаттың таза ауасы мен белсенді қимыл жастардың психологиялық жай-күйіне оң әсер етіп, оқу процесінен кейінгі күш-қуатты қалпына келтіруге септігін тигізді.