Қаржылық сауаттылықты арттыру: бюджет құру, инвестициялар және жеке қаржы басқаруFarabi University

91ý

Қаржылық сауаттылықты арттыру: бюджет құру, инвестициялар және жеке қаржы басқару

24 сәуір 2026
Қаржылық сауаттылықты арттыру: бюджет құру, инвестициялар және жеке қаржы басқару

24 сәуірде Ақпараттық жүйелер кафедрасында студенттер үшін ерекше әрі пайдалы кездесу өтті. Бұл шара Тұрақты даму мақсаттары аясында ұйымдастырылып, сапалы білім беру мен экономикалық өсуді қолдау бағыттарына арналды.

Қонақ ретінде банк саласында тәжірибесі мол маман – Мужикова Алия Қайратовна келіп, «Қаржылық сауаттылықты арттыру: бюджет құру, инвестициялар және жеке қаржы басқару» тақырыбында мазмұнды әңгіме жүргізді. Кездесу барысында ол қаржы саласындағы теориялық білімнің маңыздылығын атап өтіп қана қоймай, оны тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Алия Қайратовна өз тәжірибесінен түрлі жағдайларды айтып, қазіргі банк жүйесіндегі талаптар мен өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыру – тұрақты дамудың маңызды бөлігі екенін ерекше атап өтті.

Кездесуде ерекше назар аударылған мәселелердің бірі – қаржылық білімнің тек қаржы мамандарына ғана емес, ақпараттық технологиялар (АТ) саласындағы студенттер үшін де аса маңызды екендігі болды. Қазіргі цифрлық экономика жағдайында ІТ мамандары қаржылық процестерді түсініп, финтех, деректерді талдау және цифрлық банкинг бағыттарында тиімді жұмыс істеуі үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор екені айтылды.

Спикер студенттерге тек білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білу, қаржылық сауаттылықты дамыту, тәуекелдерді дұрыс бағалау сияқты маңызды дағдыларды меңгеру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жұмысқа орналасу барысында қажет болатын негізгі қабілеттер мен қасиеттер туралы айтып, болашақ АТ мамандарына пайдалы кеңестер берді.

Кездесудің соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаржы саласына қатысты көптеген маңызды ақпарат алды. Әсіресе, мансапты бастау, тәжірибе жинақтау жолдары және қаржы жүйесінде табысты болудың қыр-сырлары белсенді талқыланды. Қонақ әр сұраққа нақты әрі шынайы жауап беріп, студенттерге мотивация сыйлады.

Осындай кездесулер студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, теория мен тәжірибені ұштастыруға үлкен мүмкіндік береді.