XVIII Республикалық пәндік олимпиадаFarabi University

91ý

XVIII Республикалық пәндік олимпиада

18 сәуір 2026
XVIII Республикалық пәндік олимпиада

2026 жылы сәуірде Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадада Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының студенттері жоғары нәтижелер көрсетті.

Аталған білім додасында:
— Ермек Нұрбахыт — I орын,
— Сбаш Зарина — II орын,
— Исмаилов Сырым — III орын иеленді.

Жеңімпаздар өз білімдері мен дайындықтарының жоғары деңгейін дәлелдеп, оқу орындарының абыройын асқақтатты. Жетекші Назарбаев Д.