Экономикалық білім және қаржылық тұрақтылық: жастарға арналған ғылыми талдау — ҚазҰУ

91ý

Экономикалық білім және қаржылық тұрақтылық: жастарға арналған ғылыми талдау

24 сәуір 2026
Экономикалық білім және қаржылық тұрақтылық: жастарға арналған ғылыми талдау

ТДМ-8
«Халықаралық журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандықтарының 2-курс топтарында «Экономикалық білім және қаржылық тұрақтылық: жастарға арналған ғылыми талдау» атты кураторлық сағат өтті. Іс-шара ТДМ-8 қолдай болды. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.
Іс-шара барысында студенттер ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының кураторы, филология ғылымдарының кандидаты А.В. Рожковтан еңбек нарығының қаншалықты жылдам өзгеріп жатқанын, соған байланысты қаржылық сауаттылықтың жастар үшін қажетті дағдыға айналып отырғанын білді.
Сондай-ақ, финтех дағдыларын табысты қолданудың нақты мысалдарына ерекше назар аударылды. Олардың қатарында Kaspi Bank, Халық банкі, Kolesa Group, Meгa сияқты ұйымдар аталды. Бұл компанияларда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері жұмыс істейді, және осы мысалдарды студенттердің өздері келтірді.
Қорытындысында кураторлық сағатта бакалавриат студенттері қазіргі жағдайда тек кәсіби базалық дағдылар ғана емес, сонымен қатар экономикалық білім негізінде өз болашағын құрудың маңыздылығына тағы бір мәрте көз жеткізді.