- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Береке бастауы – бірлік»: жастар санасында татулық құндылықтары және тұрақты даму идеялары дәріптелді
«Береке бастауы – бірлік»: жастар санасында татулық құндылықтары және тұрақты даму идеялары дәріптелді
2026 жылғы 27 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультетінің қабырғасында «Береке бастауы – бірлік» тақырыбында тағылымы мол дөңгелек үстел өтті. Іс-шара сағат 16:00-де 321 аудиторияда ұйымдастырылып, магистранттардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Аталған шара Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессоры Хаджиева Леля Азретовнаның жетекшілігімен болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында бірлік, ынтымақ және татулық құндылықтарын насихаттау, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайту, сондай-ақ студенттердің азаматтық және патриоттық көзқарасын қалыптастыру болды. Сонымен қатар, шара барысында тұрақты дамудың негізгі қағидаттары да кеңінен қарастырылды.
Дөңгелек үстел мазмұны Тұрақты даму мақсаттары аясындағы бірнеше маңызды бағыттармен сабақтастырылды. Атап айтқанда:
- ТДМ 4 – Сапалы білім беру: Іс-шара студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытып, қоғамдық құндылықтарды терең түсінуге мүмкіндік берді. Қатысушылар білімді тек теориялық деңгейде емес, өмірлік тәжірибеде қолдану маңыздылығын талқылады.
- ТДМ 5 – Гендерлік теңдік: Пікірталас барысында қоғамдағы тең құқықтылық, өзара құрмет және гендерлік үйлесімділік мәселелері қозғалып, жастардың тең мүмкіндіктерге деген көзқарастары ортаға салынды.
- ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар: Бірлік пен татулық тақырыбы қоғамдағы тұрақтылықтың, бейбіт өмірдің және әділетті қатынастардың негізі ретінде қарастырылды. Қатысушылар келісім мен өзара түсіністік – дамыған қоғамның басты тірегі екеніне ерекше назар аударды.
Дөңгелек үстел барысында магистранттар қоғамдағы бірліктің маңызына тоқталып, көпұлтты ортадағы өзара сыйластық пен түсіністіктің рөлі туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Талқылау ашық диалог форматында өтіп, әр қатысушы өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Профессор Хаджиева Леля Азретовна өз сөзінде:
«Бірлік – елдің тірегі, қоғамның тұтастығын сақтайтын басты құндылық. Жастар осы ұстанымды саналы түрде қабылдап, оны күнделікті өмірде ұстануы қажет», – деп атап өтті.
Тағылымды іс-шара өз мақсатына толық жетіп, қатысушыларға терең ой салды. Бірлік пен келісім идеяларын тұрақты даму мақсаттарымен ұштастыра отырып өткізілген бұл дөңгелек үстел білім алушылардың рухани дамуына, азаматтық жауапкершілігінің артуына және заманауи құндылықтарды саналы түрде қабылдауына оң ықпал етті.





Математикалық және компьютерлік
моделдеу кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік
және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Сагимбаева Л.А.
Математикалық және компьютерлік
моделдеу кафедрасының магистранты Кенес А.
Басқа жаңалықтар