Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ашық есік күні өтті!Farabi University

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ашық есік күні өтті!

29 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ашық есік күні өтті!

Университет қабырғасында 9–11 сынып оқушыларына арналған ерекше форматтағы Ашық есік күні ұйымдастырылып, талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға тамаша мүмкіндік ұсынылды.

📊 Аталған іс-шараға «Есептеу ғылымдары және статистика» кафедрасы белсенді қатысып, өз білім беру бағдарламаларын, ғылыми бағыттарын және студенттік өмірдің артықшылықтарын кеңінен таныстырды.

Кафедра оқытушылары мен студенттері қонақтарға:
– мамандықтар туралы толық ақпарат беріп,
– оқу процесінің ерекшеліктерін түсіндіріп,
– гранттар мен мүмкіндіктер жайлы бөлісті.

💬 Келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, саналы түрде мамандық таңдауға бір қадам жақындай түсті.

🌱 Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндес:
— ТДМ 4: сапалы білім беру арқылы білікті мамандар даярлау;
— ТДМ 8: лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қолдау, кәсіби дамуға үлес қосу;
— ТДМ 17: әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту арқылы ортақ жетістіктерге жету.

🚀 Болашақ бүгіннен басталады — дұрыс таңдау жаса!

ЕҒжС кафедрасы