- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері Қытай саяси ғылымдар және құқық университетінің басшылығымен кездесті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері Қытай саяси ғылымдар және құқық университетінің басшылығымен кездесті
Бейжің қаласында өткен «Қытай және шетел құқықтық өркениеттерінің өзара алмасуы мен өзара байытылуы» форумы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері Қытай саяси ғылымдар және құқық университетінің басшылығымен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар заңгерлік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық байланыстарды нығайту және халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект пен халықаралық құқық үстемдігі салаларындағы бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды дамытуға ерекше назар аударылды.
Кездесу күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасы жанынан құрылған Қытай–Қазақстан жасанды интеллект және құқық үстемдігі орталығының қызметі болды. Қатысушылар Орталықтың қазіргі қызмет бағыттарын талқылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындап, бірлескен жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарын белгіледі.
Кездесу қорытындысы тараптардың стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және құқық пен заңгерлік білім беру саласындағы заманауи халықаралық үрдістерге сәйкес бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екенін тағы бір мәрте растады.
