«Әл-Фараби ізбасарлары» бас жүлдені иелендіFarabi University

91ý

«Әл-Фараби ізбасарлары» бас жүлдені иеленді

30 сәуір 2026
«Әл-Фараби ізбасарлары» бас жүлдені иеленді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби ізбасарлары» командасы Астана қаласында өткен XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада үздік шығып, І орынды қанжығасына байлады. «Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған бұл дода «Жасанды интеллект пен цифрландыру кезеңіндегі дін» тақырыбына арналды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 30 жылдығы аясында өткен білім додасына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан ең үздік студенттер қатысты.

Білім сайысында ҚазҰУ намысын қорғаған Эрик Малика, Тоқай Айым және Бейсбек Ілияс үш кезең бойы жоғары дайындық пен зияткерлік әлеует танытты. Олар ғылыми жобаны қорғауда тың идеяларымен ерекшеленді. «Үздік білімгер» кезеңінде Кахут платформасында жылдамдық пен терең білім көрсетті. Шешуші кезеңде күрделі сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, командалық бірлікті паш етті. Нәтижесінде «Әл-Фараби ізбасарлары» тобы бас жүлдемен марапатталды.

Сондай-ақ студенттердің ғылыми жетекшісі, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Құдайберді Бағашаровқа арнайы алғыс хат табысталды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі