Shandong University өкілдерімен кездесу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Shandong University профессорлары мен өкілдерімен кездесу өтті. Аталған іс-шара халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және ғылыми тәжірибе алмасуға маңызды мүмкіндік болды.
Кездесу барысында қатысушылар заманауи ғылыми-технологиялық трендтер, жасанды интеллект пен деректерді талдау саласындағы перспективалы зерттеу бағыттары, сондай-ақ болашақ бірлескен ғылыми және білім беру жобалары туралы құнды ақпарат алды.
Іс-шара аясында халықаралық серіктестікті дамыту, академиялық ұтқырлық және ғылыми нәтижелерді білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🎙️ Спикерлер:
- Li Guangming, PhD — қауымдастырылған профессор
- Jiang Ping — Beijing Entropy Technology Co., Ltd. компаниясының бас директоры
Модератор:
Мансурова М.Е., PhD-докторанттардың қатысуымен
📅 Өткізілген күні: 2025 жылғы 27 қараша
🕙 Уақыты: 10:00–12:00
📍 Өткізу орны: академик Е.Н. Әмірғалиев атындағы конференц-зал
Басқа жаңалықтар