- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2026» байқауында үздік үштікке енді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2026» байқауында үздік үштікке енді
28–29 сәуір күндері Алматы қаласындағы «Бақшасарай» кешенінде «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2026» ұлттық студенттік кәсіпкерлік кубогы өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласының өкілдері қатысты. Чемпионат жастарға өз бастамаларын нақты кәсіпкерлік жобаларға айналдыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Іс-шара аясында қатысушылар білім беру және мансаптық сессияларға белсенді қатысып, «17 SDG: Климаттық білім беру / Іскерлік ойын» ФОРУМ-ына, сондай-ақ «ATAMEKEN-AGRO: Careers & Job Opportunities» бағдарламасына қатысты. Бұл студенттерге тұрақты даму саласындағы білімдерін тереңдетуге және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты.
«ENACTUS» (2012 жылға дейін SIFE атауымен белгілі болған) — жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған халықаралық коммерциялық емес ұйым. Enactus жобалары студенттердің бастамасымен жүзеге асырылып, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ENACTUS KazNU» командасы бұл байқауда өзін лайықты деңгейде көрсетті. Эдвайзер Бимендиева Лейла Абдрашовна мен команда капитаны Абдулазиз Амальдың жетекшілігімен студенттер жоғары дайындық деңгейін, креативті ойлау қабілетін және үйлесімді командалық жұмысты көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша команда құрметті үшінші орынды иеленді.
Сонымен қатар, «ENACTUS KazNU» командасы бірден үш арнайы номинацияға ие болды:
– «Үздік эдвайзер»
– «Үздік капитан»
– «Үздік PR»
Бұл марапаттар команда мүшелерінің жоғары кәсібилігін, көшбасшылық қасиеттерін және өз жобаларын тиімді ілгерілету қабілетін көрсетеді.
Биыл команда қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған инновациялық жобаны ұсынды. Жобаның өзектілігі, нақты әзірленген бизнес-жоспары, сондай-ақ сапалы құрылған маркетингтік және қаржылық стратегиялары ерекше атап өтілді.
«ENACTUS KazNU» командасының бұл жетістігі — жүйелі еңбектің, табандылықтың және университет тарапынан көрсетілген жан-жақты қолдаудың нәтижесі.
Команданы жоғары нәтижемен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!
Басқа жаңалықтар