Орталық Азиядағы ғылыми өзара іс-қимыл және халықаралық серіктестік перспективалары: BMFTR және CASIB ұйымдарымен диалогFarabi University

91ý

Орталық Азиядағы ғылыми өзара іс-қимыл және халықаралық серіктестік перспективалары: BMFTR және CASIB ұйымдарымен диалог

29 сәуір 2026
Орталық Азиядағы ғылыми өзара іс-қимыл және халықаралық серіктестік перспективалары: BMFTR және CASIB ұйымдарымен диалог

2026 жылғы 29 сәуірде ТДМ 17 іске асыру шеңберінде Орталық Азиядағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту және институционалдандыру мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдерімен ресми кездесу өтті.

Іс-шара халықаралық әріптестікті кеңейтуге, университеттің жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялануына, сондай-ақ бірлескен ғылыми және білім беру бастамаларын дамытуға бағытталды.

Шетелдік делегация құрамында:

— Патриция Романовски — Германияның Федералдық зерттеулер, технологиялар және ғарыш министрлігінің (BMFTR) Орталық Азия бойынша ғылыми ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі;

— Петер Либельт — Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Орталық Азия тұрақты инновациялар бюросының (CASIB) жетекшісі қатысты.

Кездесу барысында Патриция Романовски BMFTR ұйымының Орталық Азиядағы қызметінің стратегиялық басымдықтары мен іске асыру тетіктерін таныстырды. ылыми ынтымақтастықты қолдау құралдарына, соның ішінде рамалық бағдарламаларға, өңірлік әріптестіктерді дамытуға және гранттық бастамаларға, атап айтқанда AGRI-CA бағдарламасына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Петер Либельт CASIB қызметінің негізгі бағыттары мен іске асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жобалары туралы баяндады.

Сонымен қатар, делегация факультеттің ғылыми әлеуетімен танысып, ғылыми орталықтар мен зертханалардың қызметі, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулерге арналған суперкомпьютерлік инфрақұрылым мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Пікір алмасу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, халықаралық ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу сияқты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің тұрақты дамуының өзекті міндеттерін шешуге, ғылыми әлеуетті арттыруға және қазақстандық ғылымды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялауға бағытталған ғылыми ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.