«Әуен әлеміндегі сыр» - әнші, сазгер Ұшқын Жамалбекпен кездесу кешіFarabi University

91ý

«Әуен әлеміндегі сыр» - әнші, сазгер Ұшқын Жамалбекпен кездесу кеші

30 сәуір 2026
«Әуен әлеміндегі сыр» - әнші, сазгер Ұшқын Жамалбекпен кездесу кеші

2026 жылғы 30 сәуір күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Әуен әлеміндегі сыр» тақырыбында ерекше шығармашылық кездесу өтті. Кездесудің құрметті қонағы — әнші, сазгер Ұшқын Жамалбек болды.Ұшқын Жамалбек — аталған факультеттің түлегі ретінде білім ордасына арнайы келіп, тыңдаушылармен ашық сұхбат құрды. Кездесу барысында ол өзінің шығармашылық жолы, өнердегі алғашқы қадамдары, жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, жастарға бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде қонақ тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, еркін форматта пікір алмасты. Кеш соңында Ұшқын Жамалбек өзінің бірнеше әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Аталған кездесу тыңдаушылар үшін рухани шабыт пен мотивация берген, мазмұнды әрі әсерлі іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.