Hackatom–2026 сайысындағы ҚазҰУ Биология жне биотехнология факультеті командасының жетістігіFarabi University

91ý

Hackatom–2026 сайысындағы ҚазҰУ Биология жне биотехнология факультеті командасының жетістігі

27 сәуір 2026
Hackatom–2026 сайысындағы ҚазҰУ Биология жне биотехнология факультеті командасының жетістігі

 

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында атом энергетикасы саласындағы беделді Hackatom–2026 сайысы өтті. Аталған байқау студенттер мен олардың жетекшілері үшін ғылыми ойлау, инновациялық көзқарас, басқарушылық қабілет жне командалық жұмыс дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Сайыс барысында қатысушыларға «АЭС салынуындағы менеджментке инновациялық әдіс» тақырыбында ерекше тапсырма ұсынылды. Бұл тапсырма қатысушылардан заманауи басқару тәсілдерін қолдануды, стратегиялық ойлауды жне атом энергетикасы саласындағы күрделі мәселелерге инновациялық шешім ұсынуды талап етті.

Осы додаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология жне биотехнология факультетінің командасы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Команда Нұрханов Руслан Нұрлановичтің жетекшілігімен жне Үсен Бейбарыс Бақытжанұлының көшбасшылығымен халықаралық кезеңге өтіп, бірінші орынға ие болды.

Бұл жетістік — білім алушылардың ізденімпаздығының, ғылыми әлеуетінің, командалық бірлігінің жне жетекшінің кәсіби қолдауының нәтижесі. Hackatom–2026 сайысындағы жеңіс жас зерттеушілердің заманауи ғылым мен технология бағыттарындағы белсенділігін көрсетіп қана қоймай, олардың болашақта ірі ғылыми-инновациялық жобаларға қатысуына жол ашады.

Команда құрамы

Жетекші:
Нұрханов Руслан Нұрланович

Команда капитаны:

  1. Үсен Бейбарыс Бақытжанұлы — 1-курс бакалавриат студенті

Команда мүшелері:
2. Ворлитских Алёна Михайловна — 4-курс бакалавриат студенті
3. Abdulhakeem Idris Abdulhakeem — 2-курс магистратура студенті
4. Сыдық Нұрай Ақмырзақызы — 3-курс бакалавриат студенті
5. Кожахметова Диана Дарханқызы — 1-курс докторантура студенті

Осылайша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология жне биотехнология факультетінің білім алушылары Hackatom–2026 сайысында жоғары нәтиже көрсетіп, университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін лайықты деңгейде таныта білді.

 

 

Ботаника жне агроэкология кафедрасы