ҚазҰУ студенттері аквакультура және су биоресурстары бойынша XVIII пәндік олимпиадада II орын алды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ студенттері аквакультура және су биоресурстары бойынша XVIII пәндік олимпиадада II орын алды

30 сәуір 2026
ҚазҰУ студенттері аквакультура және су биоресурстары бойынша XVIII пәндік олимпиадада II орын алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс (6B08402 — «Аквакультура және су биологиялық ресурстары») және 3-курс (6B08401 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау») студенттері С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық зерттеу университетінде өткен XVIII пәндік олимпиадаға қатысты. Қатысушылар «Аквакультура және су биоресурстары» білім беру бағдарламасы бойынша теориялық дайындықтары мен практикалық дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті.

Команданы зоология, гистология және цитология кафедрасының студенттері — Айликов Шынтас, Айнакулов Димаш және Алгашов Бекәлі құрады. ылыми жетекшісі — кафедраның аға оқытушысы, PhD Кегенова Гүлнар Болатқызы. Студенттер байқау тапсырмаларын сәтті орындап, кәсіби білімдерін, аналитикалық ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

 

 

Қазылар алқасы олардың білімдерін жоғары бағалап, жарыс қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы құрметті II орынды иеленді. Бұл жетістік университетте мамандар даярлаудың жоғары деңгейін және студенттердің ғылыми әрі кәсіби дамуға деген ұмтылысын дәлелдейді.

Зоология, гистология және цитология кафедрасы