«Татулық пен достық – қоғам тұрақтылығының негізі»
28 April 2026
28 сәуір күні, Шығыстану факультетінде «Татулық пен достық – мәңгілік ел тірегі» атты өзге ұлт өкілдері болып табылатын оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ұлтаралық келісім мен өзара сыйластықтың маңыздылығын талқылап, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту жолдары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, әртүрлі мәдениет пен дәстүрдің тоғысуы білім беру үдерісін байытып, жастарға толеранттылық пен құрмет құндылықтарын сіңіруге ықпал ететіні атап өтілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақта осындай тағылымды шараларды жиі ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.
Other news
5 June 2026
28 May 2026