Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы атынан қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!Farabi University

91ý

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы атынан қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!

2 мамыр 2026
Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы атынан қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!

Кафедрамыздың студенті Айдар Әдемі Айдарқызы «Үздік студент» республикалық байқауында жүлделі орын иеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Бұл жетістік – оның табандылығының, білімге деген құштарлығының және үлкен еңбегінің айқын дәлелі. Осындай дарынды, талапты жастар – еліміздің болашағы екені сөзсіз.

Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 

Жетекшісі – кафедрамыздың аға оқытушысы Тапеева Самал Қонысбекқызы

📍Аталған жетістік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тығыз байланысты:
ТДМ 4 – сапалы білім беру арқылы білікті мамандар даярлау;
ТДМ 8 – лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қолдау, кәсіби дамуға үлес қосу;
ТДМ 17 – әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту арқылы ортақ жетістіктерге жету.

ЕҒжС кафедрасы