CASE-BATTLE оқу іс-шарасы өткізілдіFarabi University

91ý

CASE-BATTLE оқу іс-шарасы өткізілді

30 сәуір 2026
CASE-BATTLE  оқу іс-шарасы өткізілді

2026 жылғы 30 сәуір күні «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» БББ 1 курс студенттері ұйымдастыруымен «Қонақ үй және мейрамханадағы басқарушылық жағдайлар» тақырыбында CASE-BATTLE оқу іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шара оқытушы Нұрұлы Елдардың жетекшілігімен "Қонақ үй мен мейрамханалар менеджменті" пәні аясында ұйымдастырылды.
CASE-BATTLE барысында студенттер командаларға бөлініп, қонақ үй және мейрамхана бизнесінде жиі кездесетін нақты басқарушылық жағдайлар бойынша кейстерді талдап, өз шешімдерін ұсынды. Қатысушылар кәсіби дағдыларын, сыни ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс машықтарын көрсетті.
Іс-шара аясында:
– басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдылары дамытылды;
– рөлдік ойындар арқылы қызмет көрсету саласындағы түрлі жағдайлар модельденді;
– студенттердің шығармашылық және аналитикалық қабілеттері айқын көрінді.
CASE-BATTLE жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендер тарапынан оң бағасын алды.