Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар
UNICEF ұйымымен ынтымақтастық аясында кафедра Наурыз мерекесіне арналған мәдени-танымдық іс-шараға қатысты.
Іс-шара ұлттық дәстүрлерді насихаттауға, мәдени құндылықтарды сақтауға және мәдениетаралық өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталды. Шара барысында қазақ халқының бірлік, келісім және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін мәдени мұра элементтері ұсынылды.
Дарханова С.Д. оқытушының жетекшілігімен заң факультетінің 1 курс студенттері, «Аманат» студенттік клубының мүшелері іс-шараға белсенді қатысты.
Студенттер ұлттық салт-дәстүрлермен, мәдени және рухани құндылықтармен танысып, бұл олардың толеранттылық, өзара түсіністік және құрмет құндылықтарын қалыптастыруына ықпал етті.
Іс-шараға халықаралық ұйым UNICEF-тің қатысуы ерекше маңызға ие болды, бұл халықаралық әріптестіктің дамуын көрсетеді.
Аталған іс-шара студенттердің азаматтық жауапкершілігін дамытуға, құқықтық мемлекет құндылықтарын нығайтуға, білім беру тәжірибесін кеңейтуге және болашақ заңгерлердің әлеуметтік миссиясын түсінуге ықпал етті.
#SDG16 /
#SDG17 #SDG4 #SDG10
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
#kaznu.zan
#kafedra_tgp_kons_adm.pravo
Басқа жаңалықтар