ЖОО оқытушыларына арналған «Жасанды интеллект негіздері (ТДМ 4, 9 аясында)» тақырыбындағы екі апталық онлайн курс сәтті өтті — ҚазҰУ

91ý

ЖОО оқытушыларына арналған «Жасанды интеллект негіздері (ТДМ 4, 9 аясында)» тақырыбындағы екі апталық онлайн курс сәтті өтті

22 желтоқсан 2025
ЖОО оқытушыларына арналған «Жасанды интеллект негіздері (ТДМ 4, 9 аясында)» тақырыбындағы екі апталық онлайн курс сәтті өтті

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті оқытушыларына арналған «Жасанды интеллект негіздері» тақырыбындағы екі апталық онлайн курс сәтті өтті.

Курсты Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансурова М.Е. жүргізді.

Бағдарлама Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында ұйымдастырылып, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізудің заманауи тәсілдерін қамтыды.

📌 Курс барысында қатысушылар:

  • жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен әдістерін меңгерді;
  • деректерді талдау және машиналық оқыту тәсілдерімен танысты;
  • AI технологияларын білім беру және ғылыми зерттеулерде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

💡 Курс оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталды.