Кітап алмасу акциясыFarabi University

91ý

Кітап алмасу акциясы

2 мамыр 2026
Кітап алмасу акциясы

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасында білім беру үдерісін қолдау және академиялық мәдениетті дамыту мақсатында «Кітап алмасу» акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара студенттер мен оқытушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, зияткерлік өзара әрекеттестікті күшейтуге және оқу ортасының сапасын жақсартуға бағытталды.

Акция барысында кафедра оқытушылары мен магистранттар өзара кітаптармен алмасып, оқыған әдебиеттерінің мазмұны, негізгі идеялары мен практикалық маңыздылығы туралы пікір алмасты. Қатысушылар ғылыми әдебиеттерді, кәсіби бағыттағы басылымдарды, сондай-ақ көркем шығармаларды ұсынып, әртүрлі саладағы білім мен тәжірибені бөлісті.

Іс-шара аясында әрбір қатысушы өзіне жаңа әрі пайдалы әдебиеттермен танысуға мүмкіндік алып қана қоймай, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты. Сонымен қатар, мұндай бастамалар академиялық адалдық, үздіксіз білім алу және өзін-өзі дамыту қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

«Кітап алмасу» акциясы кафедрада ашық білім беру кеңістігін қалыптастыруға, білім мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңын құруға және оқытушылар мен білім алушылар арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.