ҚазҰУ студенттері «ылым ордасы» ғылыми орталығына экскурсия жасады
2026 жылғы 21 сәуірде саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы студенттеріне «ылым ордасы» Қазақстандық ғылыми-білім беру бірлестігіне экскурсия ұйымдастырылып, өткізілді. Экскурсияның мақсаты – білім алушыларды ғылыми-зерттеу мекемесінің қызметімен таныстыру, ғылым саласындағы заманауи бағыттар туралы ақпарат беру, сондай-ақ теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми орталықтың құрылымы, негізгі қызмет бағыттары және ғылыми жобалары жөнінде толық мәлімет алды. Экскурсия студенттерге ерекше әсер қалдырып, олардың қызығушылығын арттырды. Білім алушылар жағымды эмоциялар алып, бұл тәжірибенің олардың алдағы кәсіби дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне оң ықпал ететінін атап өтті.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы – Философия және саясаттану факультетінің «Саясаттану» мамандығының магистранты Жансеит Аружан.