XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Кадастр» және «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламалары бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада жоғары деңгейде өтті. Аталған білім сайысы студенттердің кәсіби білімін тереңдетуге, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды. Олимпиадаға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан келген студенттер қатысып, өзара білім мен біліктіліктерін сынға салды.
«Кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
І орын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
ІІ орын – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
ІІІ орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Халықаралық білім беру корпорациясы KazGASA, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша
І орын - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
ІІ орын - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
ІІІ орын - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті , Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті иеленді

Жүлделі орын иегерлері өздерінің жоғары теориялық білімі мен практикалық дағдыларын көрсетіп, кәсіби дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.
Басқа жаңалықтар