Орталық Азия университеттерінде есептеуіш лингвистикасы бойынша пәнаралық магистрлік бағдарламаны әзірлеуFarabi University

91ý

Орталық Азия университеттерінде есептеуіш лингвистикасы бойынша пәнаралық магистрлік бағдарламаны әзірлеу

4 қыркүйек 2025
Орталық Азия университеттерінде есептеуіш лингвистикасы бойынша пәнаралық магистрлік бағдарламаны әзірлеу

 

Жоба атауы

«Орталық Азия университеттерінде есептеуіш лингвистикасы бойынша пәнаралық магистрлік бағдарламаны әзірлеу»

Акроним: CLASS

Тіркеу нөмірі: № 585845-EPR-1-2017-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP-CLASS
Іске асыру мерзімі: 2017 – 2020 жж.

Мақсат

Лингвистика және информатика саласында білімі бар магистранттарға арналған есептеуіш лингвистикасы бойынша магистрлік бағдарламаны құру, сондай-ақ мамандандырылған курстарда аралас оқыту технологияларын енгізу Қазақстан мен Өзбекстан университеттерінің бастамасының бөлігі болып табылады.

Жобаның мақсаттары

  • Қолданыстағы білім беру бағдарламаларын мұқият талдау негізінде Орталық Азияның 7 университетінде есептеу лингвистикасы бойынша пәнаралық магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу;
  • Оқу мүмкіндіктерін жақсарту және жоғары білімді демократияландыру үшін аралас оқыту технологиясын енгізу;
  • Өзбек және қазақ тілдерін толық қолдайтын мәтінді өңдеу құралдарын әзірлеу.

Жоба консорциумы

Университет Ел
Компостела университеті Испания
Ла-Корунья университеті Испания
Афиныдағы технологиялық білім беру мекемесі Греция
Порто университеті Португалия
Познаньдағы Адам Мицкевич университеті Польша
Үргеніш мемлекеттік университеті Өзбекстан
Самарқанд мемлекеттік шет тілдер институты Өзбекстан
Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университеті Өзбекстан
Өзбекстан Ұлттық Университеті Өзбекстан
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан

Күтілетін нәтижелер

Осы жоба аясында «7M06101 – Есептеуіш лингвистика» магистрлік бағдарламасы әзірленіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2019-2020 оқу жылынан бастап сәтті іске асырылуда.

Негізгі тұжырымдар

  • «7M06101 – Есептеуіш лингвистикасы» білім беру бағдарламасы әзірленіп, енгізілді;
  • Аралас оқыту технологиясымен курстар және 4 NLP құралы жасалды;
  • Магистранттар мен оқытушылар үшін заманауи жабдықтар сатып алынды.

Жоба жетекшісі: проф. Тукеев Уәлшер Әнуарбекұлы
Байланыс: 8701 710 6351


Жоба мүшелерінің тренингтерінен


Жоба аясында сатып алынған жабдықтар