XVIII Республикалық пәндік олимпиадада студенттеріміз жеңімпаз атандыFarabi University

91ý

XVIII Республикалық пәндік олимпиадада студенттеріміз жеңімпаз атанды

30 сәуір 2026
XVIII Республикалық пәндік олимпиадада студенттеріміз жеңімпаз атанды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Кадастр» білім беру бағдарламасы аясында XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Бұл зияткерлік дода студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, теориялық білімдерін тәжірибелік дағдылармен ұштастыруға және болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталды.
Олимпиадаға еліміздің 10 жоғары оқу орындарынан келген студенттер қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін сынға салды. Нәтижесінде «Кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша үздік командалар анықталды.
І орын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Kadastr PRO командасы иеленді.

Команда жетекшісі география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы Семендерова Г.Б
Жүлдегерлер өздерінің терең теориялық дайындығы мен жоғары деңгейдегі практикалық дағдыларын көрсетіп, кәсіби біліктіліктерінің мықты екенін дәлелдеді.