- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ туризм кафедрасының докторанты Малайзияның жетекші университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті
ҚазҰУ туризм кафедрасының докторанты Малайзияның жетекші университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының докторанты Адбанова Айжан әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі — QS World University Rankings рейтингі бойынша үздік университеттер қатарына кіретін Taylor’s University (Малайзия) базасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Hospitality and Leisure Management білім беру бағдарламасы QS пәндік жаһандық рейтингінде өз бағыты бойынша жоғары позицияларды иеленеді.
Тағылымдама барысында тұрақты туризм саласындағы заманауи халықаралық тәсілдер зерделеніп, ғылыми воркшоптарға, оның ішінде зерттеу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдануға бағытталған іс-шараларға қатысу қамтамасыз етілді, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлесіп ғылыми жарияланым дайындау жұмыстары жүргізілді.
Тағылымдама қорытындысы бойынша ғылыми құзыреттер айтарлықтай кеңейтіліп, халықаралық академиялық байланыстар нығайтылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жас ғалымдардың жаһандық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына бағытталған мүмкіндіктерді жүйелі түрде дамытуда.