Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шетелдік тыңдаушыларға арналған қарқынды тіл курсы аяқталды — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шетелдік тыңдаушыларға арналған қарқынды тіл курсы аяқталды

16 шілде 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шетелдік тыңдаушыларға арналған қарқынды тіл курсы аяқталды

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Британдық білім беру және ғылыми-зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен өткен қарқынды тіл курстары өз мәресіне жетті.

 

Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған шетелдік және отандық білім алушыларға арнайы сертификаттар табыстау туралы ресми бұйрық шықты. Биылғы маусымда тілдік дайындықтан өтіп, сертификат иегері атанған түлектердің қатарында Чан Июся (Chang Yuxia), Шинян Илы (Shen Yang Yi Ye), Уан Июру (Wang Yu Rou), сондай-ақ Құралбай Елина, Шалқар Ботагөз, Яқұпжан Ипарқыз және тағы басқа да белсенді жастар бар.

 

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.К. Галееваның шешімімен бекітілген бұл бағдарлама білім алушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға және халықаралық деңгейдегі академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Орталық директоры М. Жамбылқызы атап өткендей, қарқынды оқыту бағдарламасы тыңдаушыларға қысқа мерзім ішінде тілдік кедергілерді еңсеріп, еркін коммуникация құруға мүмкіндік берді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық білім беру кеңістігіндегі жетекші рөлін нығайта отырып, шетелдік студенттерге сапалы білім мен заманауи әдістемелерді ұсынуды жалғастыруда.

 

Құттықтаймыз және сәт сапар тілейміз!