- Басты бет
- Жаңалықтар
- Студенттермен кездесу: жасанды интеллектіні оқу және әлеуметтік жобаларда пайдалану
Студенттермен кездесу: жасанды интеллектіні оқу және әлеуметтік жобаларда пайдалану
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттермен «Студенттер жасанды интеллектіні оқу және әлеуметтік жобаларда қалай пайдалана алады?» тақырыбында білім беру кездесуі өтті.

Іс-шараны шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ұйымдастырды. Кездесу білім алушылардың цифрлық және зерттеу құзыреттерін дамытуға бағытталды. Іс-шара барысында жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде, ғылым саласында, сондай-ақ әлеуметтік бастамаларды іске асыруда қолданудың заманауи мүмкіндіктері қарастырылды.
ЖИ құралдарын пайдаланудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, академиялық мәтіндер дайындау, ақпаратты талдау, мультимедиялық контент жасау, жобалар әзірлеу және командалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Студенттер филология, аударма және медиакоммуникация салаларында жасанды интеллектіні тиімді қолданудың сәтті мысалдарымен танысты.
Іс-шараның интерактивті бөлімінде қатысушылар ЖИ қолдану этикасы, академиялық адалдық және цифрлық құралдармен жұмыс істеу барысында сыни ойлау мәселелерін талқылады.
Осындай кездесулерді өткізу студенттердің жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі жауапты пайдалану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл олардың білім беру мен кәсіби ортаның цифрлық трансформациясы жағдайындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Искакова Г.Н.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
Басқа жаңалықтар