Зейнуллин Раймбек Бақытжанұлы — ҚазҰУ

91ý

Зейнуллин Раймбек Бақытжанұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Зейнуллин Раймбек Бақытжанұлының «Қазақ және ноғай халықтарының мәдени артефактілерін компаративистикалық талдау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі –&Բ;қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Барлыбаева Гаухар Гинаядовна – философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері. Мамандығы: 09.00.03 – Философия тарихы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Божбанбаев Бауыржан Муратбекович –&Բ;философия ғылымдарының кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті. Мамандығы: 24.00.01 – Мәдениет теориясы мен тарихы (Алматы қ., Қазақстан).

ылыми жетекшілер:

1. Габитов Турсун Хафизович – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан); 

2. Ярлыкапов Ахмет Аминович – тарих ғылымдарының кандидаты, МГИМО Халықаралық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Мадалиева Жаныл Кайржановна – философия ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан);

2. Оспанов Тауекель Тлеубекович – философия докторы (PhD), Қазақ-неміс университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

3. Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Білім және қоғамды дамыту ғылымдар орталығының басшысы (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 5 маусымында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің 123 аудиториясында (Масанчи 39) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

Идентификаторы: 937 5745 7262

          Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

             Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық