ҚазҰУ студенттері «IQ up» зияткерлік сайысында жеңіске жетті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік командасы Астанада өткен «Jas Power: AI дәуіріндегі азаматтық сана» атты жастар форумына қатысып, «IQ up» зияткерлік сайысында жеңімпаз атанды.
Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Жарыста еліміздің 25 жоғары оқу орнынан жиналған командалар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттері мен командалық жұмыс дағдылары бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде жоғары дайындық деңгейін танытқан ҚазҰУ студенттері І орынды иеленді. Бұл жетістік университеттегі білім беру сапасы мен студенттердің жоғары академиялық деңгейін айқындай түсті.
Сондай-ақ қатысушылар «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Толық адам ілімі» тақырыптары төңірегінде мазмұнды дәрістер тыңдап, ой бөлісті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен форум аясында экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында ағаш отырғызу акциясы және студенттер арасында спорттық жарыстар өткізілді. Бұл іс-шаралар жастардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға және командалық рухты нығайтуға ықпал етті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар